Қазақстан ғалымдары қой шешек вирусының ақуызын алу технологиясын жасады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚР БҒМ Ғылым комитетіне сілтеме жасап.
«Хлоропласт геномына негізделген рекомбинантты ақуыздарды алу технологиясы транспластомды өсімдіктер шығу кезінде мақсатты ақуыздың көп мөлшерін алуға мүмкіндік беретіндігіне байланысты үлкен танымалдылыққа ие болуда. Транспластомды өсімдіктер – хлоропласт геномына бөтен ген (трансген) енгізілген генетикалық түрлендірілген өсімдіктер. Қазіргі мәліметтерге сәйкес, транспластомалық өсімдіктердің жапырақ тіндерінде рекомбинантты ақуыз 45-тен 72 пайызға дейін жиналуы мүмкін», - делінген комитет ақпаратында.
ҚР БҒМ Ғылым комитеті М.Айтхожин атындағы Молекулалық биология және биохимия институты ұзақ уақыт бойы молекулалық биология және өсімдіктер биотехнологиясы салаларында іргелі зерттеулер жүргізуге маманданған. Ақуыз және нуклеин қышқылдары зертханасының қызметкерлері биология ғылымдарының кандидаты Гүлшан Станбекованың жетекшілігімен қой шешегі вакцинасының компоненттерін алу үшін балама тәсіл ұсынып отыр.
«Бұл технология бірқатар ауруларға арналған вакциналарды жасау кезінде сыналды. Бірақ қой шешегінің вирусы үшін алғаш рет ұсынылып отыр әрі әлемде баламасы жоқ. Қазақстандық ғалымдар әзірлеген әдіс темекінің генетикалық түрлендірілген өсімдіктерінде вирустық антигендерді өндіруге мүмкіндік береді. Алынған антигендер кейіннен қой шешегінің вирусына рекомбинантты вакцина өндірудің негізі ретінде қызмет етеді. Рекомбинантты вакциналарды алудың өсімдік жүйелерінің басқа эукариоттық жүйелермен салыстырғанда өзіндік құны төмен, өнімділігі жоғары және қауіпсіз болғандықтан, тартымды балама болып табылады, себебі оларда адамдар мен жануарлар үшін патогенді вирустар жоқ», - жоқ деп түсіндіреді ведомстводан.
ҚР БҒМ Ғылым комитеті қаржыландыратын гранттық жобаны орындау барысында қой шешегі вирусының жоғары иммундық құрылымдық ақуыздарын синтездейтін темекі өсімдіктері алынды және оларды өсімдік тіндерінен тазарту жолға қойылды. Нәтижелері патенттелді және практикаға енгізу үшін одан әрі дамыту күтілуде. Қой шешегі Қазақстанның мал шаруашылығына үлкен зиян келтіреді. Ауыл шаруашылығында арзан, қауіпсіз әрі тиімді жаңа вакциналарды пайдалану өндірілетін АӨК өнімдерінің азық-түлік қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді. Жоғарыда аталған биотехнология елдегі вакциналар өндірісінің ғылыми-технологиялық деңгейін көтереді, алынған тәжірибе өсімдіктердегі мақсатты ақуыздарды тек ветеринарлық қана емес, сонымен қатар медициналық мақсатта да өндіру үшін пайдалы болмақ.