17 қар, 2024 сағат 18:07

Астанада мүгедектігі бар азаматтарға 10 млн теңге заңсыз салық салынған

Астана қаласының прокуратурасы ерекше қажеттіліктері бар азаматтардың құқығы бұзылғанын анықтады, деп хабарлайды ult.kz halyq-uni.kzке сілтеме жасап.

Мониторинг қаладағы әлеуметтік нысандардың жартысы ғана қолжетімді екенін көрсетті.


фото: Halyq Uni

Прокуратура мүгедектігі бар азаматтардың құқығы мен мүдделерінің қорғалуын тексеру нәтижесінде 380 адамға 10 млн. теңгеге жуық салық төлемдері заңсыз есептелгенін анықтаған.

Сонымен қатар, «Қолжетімділіктің интерактивті картасы» порталының мониторингі 1683 әлеуметтік нысанның 800-і ғана қолжетімділікпен қамтамасыз етілгенін көрсетті.

Қадағалау актісі бойынша 6 объектіде мүмкіндігі шектеулі 11 531 адамға қолжетімділік қамтамасыз етілді.