#
#
Сенбі 19/09/2020

Қазақстандық әскери дәрігерлер Ливанға көмекке аттанды

  • 08.08.2020
  • 0
  • 143

Қазақстандық әскери дәрігерлер зардап шеккендерге көмек көрсету үшін Ливанға аттанды. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен мәлім болды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министріне Ливанға әскери медицина мамандарын жіберу туралы мәселені шешуді тапсырды.

«7 тамызда ҚР Президенті – Жоғарғы Бас Қолбасшының тапсырмасын орындау мақсатында ҚР Қарулы Күштерінің жеке құрамының арасынан құралған 29 медицина маманы мен 4 аудармашы бар топ Нұр-Сұлтан-Ақтау бағыты бойынша ұшты. 8 тамыз күні таңертең Бейрут портында жарылыс салдарынан зардап шеккендерге медициналық көмек көрсету үшін ҚР ҚК Әуе қорғаныс күштері әскери-транспорттық авиация ұшағы Ақтау - Бейрут бағыты бойынша ұшты», - делінген ведомство хабарламасында. 

Қазақстан Республикасындағы Covid-19-бен байланысты жағдайды ескере отырып, топ құрамына инфекционист және терапевт дәрігерлер қосылмады. 

«Топ құрамына жоғары білікті хирургтер, травматологтар, нейрохирургтер, анестезиолог-реаниматологтар, сондай-ақ хирургиялық бейіндегі орта медициналық персоналдар бар. Олардың көпшілігі ағылшын тілін жетік меңгерген. Әскери медицина қызметкерлерінің мақсаты - зардап шеккендерге білікті медициналық көмек көрсету», - деп атап өтілген министрлік мәліметінде.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар