Қазақстанда мемлекеттік қызметшілер мен бюджеттік сала қызметкерлері үшін ипотекалық кредиттер бойынша бастапқы жарнаны алып тастағысы келеді. Мұндай ұсынысты Қазақстанның 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру жөніндегі 2021-2023 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын әзірлеушілер енгізді. Құжат "Ашық НҚА" порталында жарияланды, - деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».
Жоспарға сәйкес, 2021 жылдың үшінші тоқсанында қазақстандық мемлекеттік қызметшілер мен бюджет қызметкерлері үшін бастапқы жарналарды алып тастау мәселесін пысықтау ұсынылады.
Ұсыныстардың пысықталуына Ұлттық экономика және қаржы министрлігі, сондай-ақ Қазақстан Ұлттық Банкі жауап береді. Мәселе қаралғаннан кейін ақпаратты Президент Әкімшілігіне жіберу жоспарлануда.
Тұрғын үй мәселелерінен басқа, құжатта келесі ұсыныстар бар:
ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасағаны үшін сотталған адамдарды мерзімінен бұрын шартты түрде босатудың күшін жою;
пара берушілер мен парақорлықтағы делдалдардың жауапкершілігін күшейту;
мемлекеттік қызметшілер, депутаттар, судьялар, олардың отбасы мүшелері үшін Қазақстан Республикасынан тыс жерде орналасқан шетелдік банктерде шоттар (салымдар) ашу және оларды иелену бойынша жаңа сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеу енгізу;
мемлекеттік органдар мен ұйымдарды оңтайландыру, әкімшілік шығыстарды қысқарту есебінен мемлекеттік қызметшілердің жалақысын арттыру;
экономикаға мемлекеттің қатысуын азайту, оның ішінде мемлекеттік органдардың ведомстволық бағынысты ұйымдарының, ұлттық компаниялардың санын қысқарту және тағы басқалар.
#Жалдамалы баспана кімге беріледі
Сонымен қатар бірінші желтоқсаннан бастап алтыншы желтоқсанға дейін Қазақстан астанасында жұмыс істейтін жастар үшін сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй алуға өтінімдер қабылдау жүргізілетін болады.
Өтініш беру үшін өтініш берушілерге электрондық цифрлық қолтаңба қажет, өйткені қабылдау тек онлайн-режимде жүргізіледі. Барлық анықтамалар мен құжаттар жаңа және өтініш берген сәтте алынуға тиіс.
Өтініш берушілер барлық құжаттар мен анықтамаларды сканерленген түрде бір файлда тіркеуі қажет. Өтініш бергеннен кейін өтініш берушілер оның мәртебесі туралы SMS-хабарлама алады. Егер үміткер бағдарламаның шарттарына сәйкес келсе және толық тізімді ұсынса, онда оның өтініші жұмысқа қабылданады.
Егер өтініш беруші құжаттардың толық емес пакетін тіркесе немесе олар сапасыз болса, онда олар түзету қажет екенін айтады. Егер кандидат бағдарламаның талаптарына сәйкес келмесе, оған бас тарту туралы хабарлама келеді.
Іріктеу балдық жүйе бойынша өтеді. Ұпайлар отбасының, балалардың, жеке кәсіпкердің, мемлекеттік қызметте немесе бюджеттік ұйымда жұмыс істегені үшін есептеледі. Жеке жетістіктер де ескеріледі – грамоталар, марапаттар.
Осы бағыт бойынша жалға берілетін тұрғын үйге соңғы екі жылда меншік құқығында тұрғын үйі жоқ 29 жасқа дейінгі Қазақстан азаматтары үміткер бола алады. Бұл жағдайда ерлі-зайыптылар мен балалардың да мүлкі болмауы керек. Соңғы екі жыл ішінде үзіліссіз тұрақты тіркеу қажет. Сондай-ақ өтініш берушілердің соңғы алты ай ішінде 40 АЕК немесе 111 120 теңге мөлшерінде ресми табысы болуы тиіс.
#Тұрғын үй алу үшін құжаттар тізімі
Өтініш беруші сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй алу үшін уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады:
нысан бойынша өтініш;
өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (түпнұсқа жеке басын сәйкестендіру үшін ұсынылады);
білімі туралы құжаттың көшірмесі;
неке қию туралы куәліктің көшірмесі (бар болса);
балалардың тууы туралы куәліктерінің (а) көшірмесі (бар болса);
өтініш берушіге және отбасының барлық мүшелеріне жылжымайтын мүліктің болмауы (болуы) туралы анықтама;
жұмыс орнынан анықтама;
өтініш берушінің ай сайынғы табысын кемінде 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде растайтын соңғы алты айдағы табысы туралы анықтама;
Қазақстан Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес еңбек өтілін растайтын құжаттар;
банктік шоттың бар екендігі және нөмірі туралы анықтама және банктік шот бойынша ақша қалдығы және қозғалысы туралы үзінді көшірме;
өтініш берушінің әртүрлі қызмет салаларындағы жеке жетістіктерін растайтын құжаттар (бар болса).
Айта кетейік, 2018-2019 жылдары тұрғын үйді пайдалануға беру қарқыны айтарлықтай жоғары болды. Бұл 25 мың отбасының, оның ішінде 5,5 мың көп балалы аз қамтылған отбасы мен 3 мың жұмыс істейтін жастардың тұрғын үй мәселелерін шешуге мүмкіндік берді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың "Бақытты отбасы" және "7-20-25" бағдарламалары бойынша 20 мыңға жуық қазақстандық отбасы қарыз алды.
Кезекте тұрғандардың мәселесін шешу үшін Президент "5-10-20" несиелік тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі жаңа жобаны іске қосуды тапсырды. Бұл мақсатқа дағдарысқа қарсы қаражат аясында 390 млрд теңге бағытталады. Сонымен қатар мемлекет басшысы институционалдық құрылымды жаңғырту қажеттігін атап өтті. Осылайша, жыл соңына дейін "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ негізінде толыққанды даму және қолдау институты — "Отбасы банк" құрылуы тиіс, ол тұрғын үйді есепке алуды, қоюды және бөлуді орталықтандырып жүзеге асыратын болады.
Eстeріңізгe сала кeтeйік, Қазақстанда мемлекеттік қызметшілер мен бюджеттік сала қызметкерлері үшін ипотекалық кредиттер бойынша бастапқы жарнаны алып тастағысы келеді. Мұндай ұсынысты Қазақстанның 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру жөніндегі 2021-2023 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын әзірлеушілер енгізді. Құжат "Ашық НҚА" порталында жарияланды.