Сурет ашық дереккөзден алынды
Ғылымды дамытпай елді алға жылжыту мүмкін емес. Сондықтан Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ғылымды дамытуды мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының бірі деп санайды. Біз бүгінгі тақырыпта Қазақстандағы ғылым мен техниканың даму болашағы туралы сөз етпекпіз, – деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».
Президент Қ.Тоқаев: «Өркендеген ел болу үшін бұл жағдайды түзету керек» деп есептейді. Бұл бағытта қазірдің өзінде бірқатар шаралар қолға алынған. Жеке ғылым және жоғары білім министрлігі құрылды, Ұлттық ғылым академиясына Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік мәртебе берілді. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Ғылым және техника жөніндегі Ұлттық кеңес құрылып, оған ғылымды дамытудың негізгі бағыттары мен басымдықтарын анықтау тапсырылды.
Президент өз сөзінде «тым орталықтандырылған жоспарлау мен басқару, мемлекеттік қаржыландыруға тәуелділік, бизнес тарапынан ғылыми-зерттеу жұмыстарына сұраныстың төмендігі, кадрлардың, әсіресе, жастардың жетіспеушілігі» сияқты орын алып отырған проблемаларға тоқталды. Маңызды мәселе – ғылымды қаржыландыру, соңғы 5 жылда ғылымға жұмсалған қаражат Қ.Тоқаев атап өткендей, 60%-ға өскенімен, жалпы ішкі өнім құрылымындағы ғылымның үлесі төмен – 0,13%-ды құрап отыр.
Барлық дамыған елдерде ұлттық маңызы бар ірі жобалар міндетті түрде ғылыми сараптамадан өтеді. Осы орайда Президент барлық маңызды шешімдер міндетті түрде ғылыми сараптамадан өтетін Қытайды мысалға келтірді. Және ол Қазақстанға да ғылыми көзқарастар мен негіздемелерге негізделген ұтымды экономикалық модельге көшуді ұсынады.
Мемлекет басшысы еліміздің өңірлерінде академиялық шеберлік орталықтары мен технопарктерді қамтитын ғылыми мекемелердің тұтас жүйесін қалыптастыруды тапсырды.
Сонымен қатар, ғылыми кадрларды даярлауға үлкен көңіл бөліп, Ғылым және жоғары білім министрлігіне докторантураға қабылдауды кеңейтуді тапсырды. Және ғылымды түрлі көздерден қаржыландыруды арттыруға ерекше көңіл бөлді. 2027 жылға қарай ғылымды қаржыландыру жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) 1 пайызына жетеді деп күтуге негіз бар.
Президент өз сөзінде астық өнімділігін арттыру мен мал шаруашылығындағы селекцияға көңіл бөлді. Ауыл шаруашылығы ғалымдары бұл ұғымды кеңейтіп, жүйеге келтіруі керек. Астық өнімділігін арттыруға жоғары өнімді сорттарды өсіру арқылы ғана емес, топырақ құнарлығын арттыру арқылы да қол жеткізуге болады. Ауыл шаруашылығында жер негізгі өндіріс құралы болып табылады. Қарқынды түрдегі сорттар құнарсыз топырақта дұрыс өнім бермейді. Сондықтан ауыл шаруашылығын интенсификациялау өнімділігі жоғары сорттарды өсірумен қатар топырақ құнарлығын арттыру шараларының кешенін қарастырады. Қазақстанда экологиялық таза өнім өндіру үшін органикалық егіншілікті дамытуға зор әлеует пен мүмкіндік бар.
Қ.Тоқаев Ұлттық ғылым академиясының басшылығына құрамның сапасын арттырып, бұрынғы беделін қалпына келтіруді тапсырды. Президент Ұлттық ғылым академиясының жұмысында түбегейлі өзгерістер болуы керек деп үміттенетінін айтты.
Естеріңізге сала кетейік, Президент Қ.Тоқаев: «Өркендеген ел болу үшін бұл жағдайды түзету керек» деп есептейді. Бұл бағытта қазірдің өзінде бірқатар шаралар қолға алынған. Жеке ғылым және жоғары білім министрлігі құрылды, Ұлттық ғылым академиясына Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік мәртебе берілді. Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен Ғылым және техника жөніндегі Ұлттық кеңес құрылып, оған ғылымды дамытудың негізгі бағыттары мен басымдықтарын анықтау тапсырылды. Ал маңызды мәселе – ғылымды қаржыландыру, соңғы 5 жылда ғылымға жұмсалған қаражат Қ.Тоқаев атап өткендей, 60%-ға өскенімен, жалпы ішкі өнім құрылымындағы ғылымның үлесі төмен – 0,13%-ды құрап отыр.