07 мау, 2022 сағат 14:07

Қазақстанда жүкті әйелдер төлемі мен жәрдемақыны өсіру жоспарланып отыр


Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Қазақстанда жүкті әйелдер төлемі мен жәрдемақыны өсіру жоспарланып отырғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Қазір жәрдемақы көлемін өсіру мәселесін қарастырып жатырмыз. Заң бойынша, әйелдер жүктілігі үшін 12 ай, басқа жәрдемақы үшін 24 ай алады, мұның бәрі сақталады. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қаржылық тұрақтылығын ескеріп, жұмыстан айырылу, жүктілік және босану, бір жасқа дейінгі бала күтімі бойынша МӘСҚ-дан төленетін әлеуметтік төлем мөлшерін өсіруді жоспарлап отырмыз", - деді Дүйсенова.