Қазақстанда "цифрлық білім беру" цифрлық дағдыларға оқыту бағдарламасы іске қосылады. Бұл жаңалықты үкімет басшысы Асқар Мамин айтты, - дeп хабарлайды «Ұлт» порталы.
Оның айтуынша, IT құзыреті бар кадрларды дайындау ғана емес, сонымен қатар жұмыс істейтін азаматтардың дағдыларын цифрландыруға бейімдеу болып саналады. Сол себепті олардың цифрлық сауаттылығын арттыру маңызды факторлардың бірі.
«Барлық қазақстандықтар цифрлық алаңдарда жұмыс істей білуі, электрондық қызметтер алуы тиіс. "Цифрлық білім беру" жаңа жобасы– цифрлық дағдыларға оқыту және IT-мамандарды даярлау бағдарламасы іске қосылады», - деді Мамин.
Премьер-министрлігі білім министрлігі цифрлық даму министрлігімен және әкімдіктермен бірлесіп, "цифрлық білім беру" бағдарламасын ауқымды іске қосуды қамтамасыз ететінін айтты.
Министрліктер цифрлық дағдыларды оқыту, ІТ-мамандарды даярлау және қайта даярлау бағдарламаларын әзірлеуі қажет. Өңірлік университеттер мен колледждерге IT-мамандарды даярлау бойынша озық жоғары оқу орындарының тәжірибесін кеңейтеді..
"Астана" халықаралық қаржы орталығының тәжірибесі мен ұсыныстарын ескеріп, жаңа кәсіби стандарттарға сәйкес білім беру бағдарламаларын жаңарту бойынша жұмысты жанданады.
Ресми ақпаратқа сәйкес, Қазақстанның оқу орындарында жыл сайын 50 мыңнан астам IT-мамандар даярланады, соған сәйкес, жыл сайын мемлекеттік тапсырыс көлемі артып келеді. Өңірлерде IT-технологиялар бойынша 16 құзыреттілік орталығы құрылды.
Айта кетейік, "Цифрлық білім беру" – бұл цифрлық дағдыларды оқыту және IT-мамандарды даярлау бағдарламасы. Ауқымды ұшыруды БҒМ мен цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі қамтамасыз етуі тиіс.
Сонымен қатар 2020 жылдан қыркүйегінен бастап ғылыми дәрежесі жоқ ІТ-саласының білікті мамандары ЖОО-да бастап сабақ бере алады. Бұл туралы білім және ғылым министрлігі хабарлаған еді.
Министрліктің хабарлауынша, ІТ-саласына дамыту үшін штаттан тыс мамандарды тартылады, енді IT-саласының ғылыми дәрежесі жоқ білікті мамандары сабақ бере алады.
Ал оған дейін мұғалімдерді жалдау тек штатта болған, ғылыми дәрежесі қажет мамандар ғана сабақ бере алатын еді.
Айта кетейік, Қазақстанда 83 жоғары оқу орны ақпараттық-коммуникациялық технологиялар бойынша мамандар дайындайды, 50 мыңнан астам студент білім алып жатыр.
Бұл мәселені мемлекет басшысы да бірнеше рет айтқан болатын. Президенттің айтуынша, мұның мақсаты – Қазақстанның міндеті-әлемдік үрдістерден артта қалмау.