01 ақп, 2021 сағат 14:23

Қазақстанда ТМД елдерінің ядролық авария кезінде өзара көмек көрсету туралы келісімі ратификацияланды

Мемлекет басшысы «ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ядролық авария немесе радиациялық авариялық ахуалдың туындау жағдайына дайындықты және олардың зардаптарын жою кезіндегі өзара көмекті қамтамасыз ету бойынша өзара іс-қимылы туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.