09 жел, 2019 сағат 08:34

Қазақстанда тікелей халықаралық әуе рейстерінің саны артады

Қазақстан бірқатар елмен әуе қатынасы туралы келісімдерге қол жеткізді. Бұл туралы "Ұлт ақпарат" Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Мемлекет басшысының тапсырмасымен енгізілген «ашық аспан» режимі аясында Түркия әуе компанияларына Қазақстанның 11 әуежайына (Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтау, Қарағанды, Өскемен, Павлодар, Көкшетау, Тараз, Петропавл, Семей) 5-ші «әуе еркіндігін» пайдалану мүмкіндігімен рейстер санына шектеулерді алып тастауды көздейтін тұрақты ұшуларды орындауға мүмкіндік берілді», - делінген Комитет хабарламасында.

Түркия тарапы Нұр-Сұлтанға, Алматыға әуе қатынасын кеңейтуді қолдайды және Ақтау мен Қостанайға тұрақты рейстер ашуды жоспарлап отыр, сонымен қатар салынып жатқан әуежай пайдалануға берілгеннен кейін Ыстанбұл-Түркістан бағыты бойынша рейстерді ашуға алғашқы шетелдік әуе компаниялардың бірі болып қызығушылығын растады. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар әуе қатынасы саласында өзара тиімді ынтымақтастықты жалғастыруға шешім қабылдады.

Сондай-ақ, Қазақстан мен Малайзия арасында әуе қатынасы кеңеюдеICAN 2019 аясында қазақстандық делегация Малайзияның авиациялық биліктерімен келіссөздер жүргізді.

«Малайзия әуе компанияларына Қазақстанның 11 әуежайына (Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтау, Қарағанды, Өскемен, Павлодар, Көкшетау, Тараз, Петропавл, Семей) 5-ші «әуе еркіндігін» пайдалану мүмкіндігімен рейстер санына шектеулерді алып тастауды көздейтін тұрақты ұшуларды орындауға мүмкіндік берілді», - деді Комитеттің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, Австриямен әуе қатынасын кеңейту бойынша уағдаластықтарға қол жеткізілді.

«Ашық аспан» режимі аясында Австрия әуе компанияларына Қазақстанның 11 әуежайына (Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтау, Қарағанды, Өскемен, Павлодар, Көкшетау, Тараз, Петропавл, Семей) 5-ші «әуе еркіндігін» пайдалану мүмкіндігімен рейстер санына шектеулерді алып тастауды көздейтін тұрақты ұшуларды орындауға мүмкіндік берілді.Екі ел арасында аптасына 21 рейске дейін, атап айтқанда Вена - Нұр-Сұлтан бағыты бойынша 7 рейске дейін, сонымен қатар тағайындалған әуе компанияларға (Austrian Airlines, Air Astana) Вена - Алматы бағыты бойынша аптасына 7 рейс және Вена-Ақтау бағыты бойынша аптасына 7 рейс орындауға мүмкіндік берілді.

Еске салсақ, ҚР Президенті тікелей халықаралық әуе рейстерінің санын арттыру қажеттігі туралы тапсырма берген болатын.