Мемлекет басшысы өңірлердегі жұмысқа орналастыру жағдайына мониторинг жүргізуге, өндірісте халықтық бақылауды енгізуге және қызметкерлер арасында цифрлық сауаттылықты арттыруға шақырды, - деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында ішкі көші-қонды басқару жөніндегі міндеттерді атап өтті.
"Ішкі көші-қон мәселесі көбінесе еңбек нарығындағы жағдайға байланысты. Еңбекті көп қажет ететін мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру есебінен жұмыс орындарын құрудың басқарылатын процестері, әсіресе дағдарыс кезеңінде, жұмыспен қамту проблемаларын шешуге көмектеседі. Осы жылы дағдарысқа қарсы шараларды қабылдау бізге жұмыс орындарын құрудың жақсы қарқынын сақтауға көмектесті", - деді Тоқаев.
Президенттің айтуынша, халықты жұмыспен қамтуды кеңейту үшін бұл әлі жеткіліксіз.
"Жыл сайын қажетті жұмыс орындарын құру үшін аймақтық жұмыспен қамту карталарын жасау керек. Үкімет барлық мемлекеттік бағдарламалардағы жұмыс орындары бойынша индикаторларды өзектендіруді қамтамасыз етіп, статистикалық есептің тиісті жүйесін енгізуі керек", - деді мемлекет басшысы.
Сонымен қатар президент қоныс аударушыларға берілетін жәрдемақы көлемін 97 230 теңгеден 194 460 теңгеге дейін арттыруды ұсынды.
"Мемлекет мигранттар үшін барынша қолайлы жағдай жасауы тиіс. Солтүстік Қазақстан облысына демографиялық өсу бойынша ең төмен көрсеткіш бар, алайда облыс өңірге қоныс аударушыларды тарту бойынша жақсы нәтижелер көрсетіп отыр. Көшіп-қонушыларды ынталандыру мақсатында қосымша шара ретінде жәрдемақы мөлшерін екі есеге, яғни 35 АЕК - тен 70 АЕК-ке дейін арттыруды ұсынамын", - деді Тоқаев.
Президенттің айтуынша, өңірде қоныс аударушылар үшін жаңа тұрғын үйлер салынуда. Коммуналдық инфрақұрылым жүйесі дамуда, әлеуметтік маңызы бар нысандар салынып жатыр.
Айта кетейік, 2019 жылы Солтүстік Қазақстан облысына қоныс аударушылар үшін 428 үйдің құрылысына 3 миллиард теңге немесе 7,7 миллион доллар бөлінді.
Ғабит Мүсірепов ауданында жеті елді мекенде 39 үй салынуда, оған 273 миллион теңге бөлінді. Үйлердің ауданы 70-тен 90 шаршы метрге дейін. Жалдау ақысы – бес жыл тұрғаннан кейін жекешелендіру құқығымен айына 7 мыңнан 9 мың теңгеге дейін (18-23 доллар).
Қоныс аударғысы келетін отбасылардың кемінде бір жыл тұрақты тіркеуі, сондай-ақ кемінде екі баланың отбасы құрамы болуы тиіс.
Сондай-ақ, қоныс аударушылардың отбасыларына мемлекеттік қолдау көрсетіледі: көшуге материалдық көмек, тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды өтеу, қажет болған жағдайда қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға жіберу, сондай-ақ жаңа тұрғылықты жерінде жұмысқа орналасуға және кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу.
Еске сала кетейік, қазақстандықтарды көшіру "Еңбек" нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында жұмыс күші артық облыстардан (Алматы, Жамбыл, Маңғыстау, Түркістан, Қызылорда), сондай-ақ Нұр-сұлтан мен Шымкенттен жүргізілуде.
Ал 2020 жылы мемлекет басшысы қоныс аударушылар үшін портал базасында арнайы сайт құру қажет екенін айтты. Сол арқылы тұрғындар мемлекеттік қолдау шаралары туралы барлық ақпаратты ала алады.
Қазақстанда қоныс аударушылардың отбасыларына мемлекеттік қолдау көрсетіледі: көшуге материалдық көмек, тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды өтеу, қажет болған жағдайда қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға жіберу, сондай-ақ жаңа тұрғылықты жерінде жұмысқа орналасуға және кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысы тарихи отанына оралуға тілек білдірген этникалық қазақтардың тұрғын үй мәселесін шешуді тапсырды.
Айта кетейік, 2018-2019 жылдары және осы жылдың 9 айында Солтүстік Қазақстан облысына оңтүстік өңірден 5 123 адам қоныс аударды.
Сондай-ақ, соңғы бес жылда Қазақстанға 70 933 этникалық қазақ келген.
Eстeріңізгe сала кeтeйік, Мемлекет басшысы өңірлердегі жұмысқа орналастыру жағдайына мониторинг жүргізуге, өндірісте халықтық бақылауды енгізуге және қызметкерлер арасында цифрлық сауаттылықты арттыруға шақырды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында ішкі көші-қонды басқару жөніндегі міндеттерді атап өтті.