Фото: gov.kz
Қазақстан шетелдік капиталды тарту бағытында тағы бір маңызды қадам жасап отыр. Бұл виза Қазақстанда 10 жылға дейін тұруға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Жаңа визалық режим инвестициялық ахуалды жақсартуға және ұзақ мерзімді серіктестік орнатуға жол ашады. Виза алу үшін үміткер Қазақстан компанияларының жарғылық капиталына немесе отандық бағалы қағаздарға белгіленген сомада қаржы салуы тиіс. Өтінішті электронды түрде жолдауға болады.
- "Инвесторлық виза" немесе халықаралық тәжірибеде кең таралған "алтын виза" бағдарламалары капитал мен технология тартудың тиімді құралы екенін дәлелдеген. Бұл жүйе АҚШ, БАӘ, Сингапур және Еуропа елдерінде сәтті жұмыс істеп келеді. Қазақстан да осындай резиденттік моделін ұсынып отыр, - делінген министрлік хабарламасында.
Жаңа бастама шетелдік кәсіпкерлерге қолайлы орта құруға, құқықтық кепілдіктер ұсынуға және елдің инвестициялық тартымдылығын арттыруға бағытталған. Құжат ресми жарияланған күннен бастап 10 күн ішінде күшіне енеді.
