29 там, 2016 сағат 14:34

Қазақстанда салафизмге тыйым салу мәселесі қарастырылады

Қазақстанда радикалды діни ағымдарға тыйым салу мәселесі қарастырылады. Бұл туралы тілшілерге берген сұхбатында ҚР Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің басшысы Владимир Жұмақанов мәлім етті.

«Бұл сұрақ қолға алынды, оны жақтап отырғандар да, қолдамай отырғандар да бар. Идеологияға тыйым салу қиын. Дегенмен 2011 жылдан бері болған оқиғалардың барлығы салафиттермен байланысты болды. Сондықтан бұл мәселе ең жоғары деңгейде: Мемлекет басшысы мен Қауіпсіздік кеңесінің деңгейінде қаралады деп ойлаймын», - деді ол тілшілерге берген сұхбатында.

Оның алдында ҚР ҰҚК басшысы, Алматы облысында ұсталған лаңкестер салафит болғанын хабарлаған еді.

ҚазАқпарат