24 там, 2020 сағат 13:00

Қазақстанда оқушылар қашықтан оқиды: нені білу керек?

Алматыда бірінші қыркүйектен бастап 1-2 сынып оқушылары үшін кезекші сыныптар ашылды, ал бұл жердегі эпидемиологиялық жағдайды қалалық денсаулық басқармасы, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті бақылайтын болады. Бұл туралы Алматы қаласы білім басқармасы басшысының орынбасары Қайрат Жұманов хабарлады, - дeп хабарлайды «Ұлт ақпарат».

Оның айтуынша, кезекші сыныптар жұмыс істейтін ата-аналардың өтініші бойынша ашылды. Айта кету керек, қаладағы бастауыш сыныптар үшін арнайы түзету мектеп-интернаттарында штаттық режимде жұмыс істеуге рұқсат берілген.

#Кезекші сыныптардағы қойылған талап

Ең алдымен, баласының кезекші сыныпқа баруын қаласа, ата-анасы мектеп директорының атына өтініш жазуы керек. Оны кез келген байланыс түрін пайдаланып сынып жетекшісі арқылы жібереді. Кезекші сыныптағы басты талап – оқушылар арасындағы санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау.

Мектепте сыныпта он бес баладан артық бала отырмайды, әр партада бір баладан отырады. Онлайн сабақ 15 минуттан 30 минутқа дейін созылады, кезекші сыныптарда сабақ қырық минут оқиды. Кесте де балалар бір жерге көп шоғырланбауы үшін жасалады, олар әртүрлі уақытта үзіліске шығатын болады.

#Оқушылардың компьютер мәселесі

Оқу жылы басталмас бұрын Алматыда оқушылар мен мұғалімдердің компьютерлік техникамен жабдықталғанына бақылау-мониторинг жүргізілді. Нәтижесінде 75 мыңнан аса бала мен 2 мыңнан аса мұғалімді компьютермен қамтамасыз ету керек екені анықталды.

Алматының білім басқармасы бұл мәселені шешу үшін бірқатар жұмыс жүргізіп жатыр. Мысалы, жергілікті бюджет қаржысынан 20 мыңнан аса компьютер сатып алынады. 38 мыңнан аса компьютер техникасы, оның ішінде ноутбук, планшет үкіметтің резерв қорының қаржысына алынады. Айта кету керек, жиырма екі мыңнан аса тұрмысы төмен отбасыға техникалық құрылғы сатып алынады. Оған бюджеттен қаржы бөлінеді. Ал он төрт мыңнан аса оқушыға техникалық құрылғы, компьютерлер уақытша қолдануға беріледі.

#Оқулықпен қамтамасыз ету

Алматы қаласы білім басқармасының хабарлауынша, 2020-2021 оқу жылында 1-11 сынып оқушыларына оқулық сатып алу үшін жергілікті бюджеттен 3,8 миллиард теңге бөлінді. Бұл сомаға кітапты жеткізу бағасы да кіреді. Қаланың барлық оқушысы жүз пайыз тегін кітаппен қамтамасыз етіледі.

#Мектеп формасы

Білім және ғылым министрлігінің хабарлауынша, ата-аналардың шешімі бойынша оқушылар мектепке еркін формада бара алады. Бұл шешімді бірыңғай жалпы республикалық педагогикалық кеңес қабылдады. Кеңестің шешіміне сәйкес, мұғалімдерге кезекші сыныптарға барған балаларды оқыту ережесі, сонымен қатар сыныптардағы санитарлық қауіпсіздік талаптары түсіндіріледі.

Айта кетейік, елімізде мектеп формасына қойылған талаптар жойылмайды, алайда бұл мәселеге қатысты уақытша өзгерістер енгізілді. Кезекші сыныптарға ата-ана балаларды мектеп формасында немесе басқа ыңғайлы киімде жіберуді өздері шешеді.

Сабақ алдында оқушылар мен мұғалімдердің дене қызуы күн сайын өлшенеді. Ал егер адамның температурадан асып кетсе, оқушы үйіне қайтады, мұғалім жұмысқа жіберілмейді.

Білім басқармасы балалардың WhatsApp және Telegram арқылы оқымайтынын, тек онлайн-оқыту және қосымша білім беру платформаларында оқитындарын хабарлады. Оның ішіне Дарын-онлайн, Билим лэнд, Күнделік секілді платформалар кіреді.

Айта кетейік, 2020 жылы білім күні онлайн форматта өтеді. Жоғары оқу орындары, мектептер мен колледждер қашықтан оқиды.