20 қар, 2017 сағат 10:51

Қазақстанда мемлекеттiк қызмет саны 5 есеге артты – Божко

2011-2017 жылдары Ұлттық экономика министрлiгi құрған тiзiлiмдегi мемлекеттiк қызмет саны 5 және 5,5 есеге артқан. Бұл туралы Үкiмет сағатында Мәжiлiс депутаты Владимир Божко айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат"  Baq.kz порталына сілтеме жасап.

«Қазақстан Республикасы Үкiметi жанындағы ведомствоаралық комиссия мемлекеттiк қызмет тiзiлiмiн тұрақты түрде бақылап тұрады. Олар қажеттi қызметтердi қосып, тиiмсiздерiн қысқартады. 2011-2017 жылдары Ұлттық экономика министрлiгi құрған тiзiлiмдегi мемлекеттiк қызмет саны 5 және 5,5 есеге ұлғайған. Қазiр олардың саны 746-ға жетiп отыр. Мемлекеттiк корпорация арқылы 306, электрондық түрде 443, жергiлiктi мемлекеттiк органдар арқылы 191 мемлекеттiк қызмет көрсетiледi. «Электрондық Үкiмет» веб-порталы компоненттерiнiң көмегiмен 435 рұқсат беру құжаты мен 86 лицензиясы берiледi. Барлығы 6 млн портал пайдаланушысы тiркелген. Оларға 180 млн электрондық қызмет көрсетiлiп, 3 млн лицензия мен рұқсат берiлген», - дедi Божко.