Ақтөбе облысында 1 адам коронавирус індетінен емделіп шықты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Coronavirus2020.kz мәліметінше, Қазақстан бойынша жазылғандар саны 47-ге жетті. Алты адам көз жұмды.
Еске сала кетейік, бұған дейін елімізде коронавирус жұқтырғандар 670 адам болғанын хабарлаған едік.
- Нұр-Сұлтан қаласы – 222
- Алматы қаласы – 119
- Шымкент қаласы – 19
- Ақмола облысы – 42
- Ақтөбе облысы – 11
- Алматы облысы – 10
- Атырау облысы – 32
- Шығыс Қазақстан облысы – 6
- Жамбыл облысы – 40
- Батыс Қазақстан облысы – 2
- Қарағанды облысы – 48
- Қостанай облысы – 1
- Қызылорда облысы – 54
- Маңғыстау облысы – 5
- Павлодар облысы – 1
- Солтүстік Қазақстан облысы – 25
- Түркістан облысы – 33.