Жексенбі, 7 наурыз күні Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі коронавируспен тағы 854 науқас, тоғыз өлім тіркелгенін хабарлады. Оның ішінде коронавирус пневмониясымен (КВИ-) тіркелгені – 52. Қайтыс болғандардың үшеуі осы санаттағы науқастар қатарынан анықталған.
Осылайша, Қазақстанда 28 ақпан мен 6 наурыз аралығындағы бір аптада барлығы 5564 науқас, 67 өлім тіркеліп отыр. Оның ішіндегі 5292 науқас, 49 өлім КВИ+ санатынан (ПТР тесті оң шыққан), 272 науқас, 18 өлім КВИ- санатынан (ПТР тестімен расталмаған) анықталған.
Осымен вирус жұқтырғаны ПТР тестімен расталған науқастардың жалпы саны 218 101-ге жетіп отыр. Оның ішінде 201 750 адам жазылып шыққан, 2805 адам қайтыс болған. Қазақстан үкіметі Covid өлімі статистикасына коронавирус жұқтырғаны расталған, бірақ "ілеспе аурудан қайтыс болды" деген жүздеген адамды қоспай отыр.
Вирус жұқтырғаны ПТР тестімен расталмаған, бірақ ауру белгілері бойынша соған ұқсайтын коронавирус пневмониясымен тіркелгендер саны (статистикасы 2020 жылғы 1 тамыздан бастап жүргізіледі) 49 556-ға, қайтыс болғандар саны 640-қа жетті. Ауруға шалдыққандардың 43 608-і жазылып шыққан.
Қазір барлығы 18 854 адам (13 546 КВИ+ и 5 308 КВИ-) коронавирустан емделіп жатыр. 223 науқастың жағдайы ауыр, 54 науқастың жағдайы өте ауыр, 41 науқас өкпені желдету аппаратына қосылған.
Аймақтар бойынша коронавирус жұқтырғандар саны:
Нұр-Сұлтан қаласы - 92
Алматы қаласы - 185
Шымкент қаласы - 7
Ақмола облысы - 65
Ақтөбе облысы - 17
Алматы облысы - 61
Атырау облысы - 53
Шығыс Қазақстан облысы - 28
Жамбыл облысы - 19
Батыс Қазақстан облысы - 61
Қарағанды облысы - 50
Қостанай облысы - 51
Маңғыстау облысы - 9
Павлодар облысы - 67
Солтүстік Қазақстан облысы - 32
Түркістан облысы - 5
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны - 218101.