02 мау, 2022 сағат 00:55

Қазақстанда қант 60 пайызға қымбаттаған - ҰСБ


Қазақстанда бір жыл ішінде қант бағасы 60,5 пайызға өсті. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросынан мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Ведомство мамыр айындағы инфляция көрсеткіші 14 пайыз болғанын еске салды.

Бюро мәліметінше, 2022 жылдың мамыр айында азық-түлік тауарларының бағасы өткен жылдың мамырымен салыстырғанда 19 пайызға өсті, ал басқа тауарлар 11,9 пайызға қымбаттаған.

"Азық-түлік нарығында қант 60,5 пайызға, көкөністер 31,5 пайызға, ұн 29,9 пайызға қымбаттады", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, кеше министр Бақыт Сұлтанов Қазақстанда қант тапшылығы барын мойындаған еді. Министр қант тапшылығы Ресей Федерациясының қант экспортына салған тыйымына байланысты екенін айтты. Оның айтуынша, ЕЭК Кеңесінің 2022 жыл 15 сәуірдегі шешімі шеңберінде Қазақстан Республикасына 2022 жылғы 31 тамызға дейін 350 мың тонна көлемінде ақ қант пен шикі құрақ қантты бажсыз әкелу құқығы берілген.