11 нау, 2024 сағат 11:53

Қазақстанда депрессияға шалдыққандар саны орташа көрсеткіштен асады


Қазақстан 180 ел арасында депрессияның таралу деңгейі бойынша 93-ші орынды иеленді.

Sountry Cassette халықаралық тәуелсіз онлайн-журналы депрессиялық бұзылудан зардап шегетін елдердің рейтингін жариялаған, онда қазақстандықтардың үлесі 4,4% құраған, ал әлемдік көрсеткіш 3,9% болып отыр. 

Басылым дерегі бойынша, депрессияға ұшыраған азаматтарымыздың саны 732,7 мың адамға жетеді. Депрессияның таралу деңгейі ең жоғары мемлекеттердің көшін қазір соғыс жүріп жатқан Украина бастап тұр. Украинада депрессияға шалдыққандардың саны 6,3% құрайды. Одан кейін АҚШ, Австралия және Эстония 5,9% көрсеткішпен екінші, үшінші және төртінші сатыға жайғасыпты. Бестікті Бразилия 5,8% бен жауып тұр. Ал көршілес Ресей 5,5% -бен он бірінші сатыда. Өзбек, қырғыз елдерінде бұл көрсеткіш бізден төмен. 4,1-4,2% көрсеткішпен Өзбекстан 109-шы, Қырғызстан 126-шы орында тұр екен.

"Біздің деректер әлемі" зерттеуіне сәйкес, депрессия әлем халқының шамамен 3,4% құрайды. Бұл қазіргі уақытта кең таралған жаһандық мәселе болып отыр және оған шамамен 264 миллион адам шалдыққан.