Қазақстанда коронавирус жұқтырған бұқаралық ақпарат құралдарының жеті қызметкері тіркелді. Бұл туралы ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова мәлім етті, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Әлеуметтік желідегі онлайн баспасөз мәслихатында еліміз бойынша коронавирус жұқтырған бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері туралы сұрақ қойылды.
«Республика бойынша бұқаралық ақпарат құралдарының 7 өкілі инфекцияға шалдықты. Оның үшеуі емделіп, ауруханадан шықты. Ал қалған төртеуі ем-дом қабылдап жатыр», - Айжан Есмағамбетова.
Осы орайда ол аталған жеті адамда коронавирус жеңіл дәрежеде болғанын нақтылады.