Қазақстанда балаларға арналған қауіпсіз сайттар тізімін құру жоспарланып отыр. Қазір Қазақстан Білім және ғылым министрлігі, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Цифрлық даму министрлігі бірігіп осы жобаны жүзеге асырмақ.
Бұл жайында Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Юлия Овечкина мәлімдеді.
"Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіндегі әріптестеріміз "Киберқадағалау" бағдарламасын әзірлеп, енгізді. Ол бүгінде Қазақстанда балаларға қарауға тыйым салынған ресурстарды қадағалап отырады. Бізбен бірге қазір балаларға қол жетімді болатын қауіпсіз сайттардың тізімі әзірленіп жатыр. Балаларға арналған басқа сайттар қол жетімді болмайды. Бұл бағытта жұмыстар жүргізілуде", - деді Овечкина.
Тізімді жыл соңына дейін жариялау жоспарлануда, деп нақтылады ол.
"Менің ойымша, жыл соңына дейін біз бұл жұмысты Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен цифрлық даму министрлігіндегі әріптестерімізбен бірге аяқтаймыз", - деп толықтырды Овечкина.
Бұған дейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында қауіпсіздік және балалардың құқықтарын қорғау мәселелерімен азаматтарды, әсіресе балаларды кибербуллингтен қорғау жөнінде заңнамалық шаралар қабылдау уақыты келді деп мәлімдеген болатын.
Сондай-ақ, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақтелеком" төрағасымен кездесіп, ауылдық жерлердегі интернеттің жылдамдығы туралы сұрады.
"Қазақтелеком" басқарма төрағасы ауылдық елді мекендерде талшықты-оптикалық байланыс желілері мен мобильді кеңжолақты қолжетімділік құрылысы бойынша жобаларды іске асыру туралы баяндады. Ол жоба жыл соңына дейін толық аяқталады деп уәде берді. Нәтижесінде елімізде интернетпен қамтамасыз ету деңгейі 99,5%-ға жетеді.
Кездесу барысында Тоқаев компанияның атқарған жұмысының нәтижелеріне оң баға берді. Халыққа және бизнеске жаңа цифрлық қызметтер ұсыну, интернет пен ұялы байланыстың қолжетімділігі мен сапасын кеңейту тақырыбын көтерді.
Ал цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин иел көлемінде нтернеттің әлсіз сигналы туралы хабарлауға болатын сайт әзірленгенін хабарлады.
Осылайша, министрліктің деректер базасына елді мекенде байланыс сигналы әлсіз екендігі туралы ақпарат түсіп отырады.
Айта кетейік, қазақстандық оқушылар 2020-2021 оқу жылының бірінші тоқсанында қашықтықтан оқыту форматына көшті. Соған байланысты елді мекендердегі интернет жылдамдығы өзекті тақырып болып отыр.
Eстeріңізгe сала кeтeйік, Қазақстанда балаларға арналған қауіпсіз сайттар тізімін құру жоспарланып отыр. Қазір Қазақстан Білім және ғылым министрлігі, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен цифрлық даму министрлігі бірігіп осы жобаны жүзеге асырмақ. Бұл жайында Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Юлия Овечкина мәлімдегeн болатын.