30 шіл, 2020 сағат 11:45

Қазақстанда 52 этникалық БАҚ тіркелген: жаңа телеарна ашыла ма?

Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметі мен этносаралық келісім бойынша мемлекеттік саясатты жария ету үшін елімізде шамамен 18 республикалық БАҚ жұмыс істеп жатыр. Қазақстанда 12 тілде, оның ішінде өзбек, корей, украин, ұйғыр және түрік тілдерінде ақпарат тарататын 52 этникалық БАҚ тіркелген. Бұл жайында «Ұлт» порталы толығырақ таратады.

Сонымен қатар Қазақстан халқы Ассамблеясының хабар тарататын телеарнасы құрылуы мүмкін. Бұл бастаманы "Қазақстан орыс мәдени орталығы" қоғамдық бірлестігінің төрағасы көтерді.

Оның айтуынша, мәдени қауымдастықтар мен бірлестіктер елдің ақпараттық алаңында жеткіліксіз көлемде ұсынылып отыр. Сонымен қатар ол теледидар орта және аға буын өкілдері үшін ақпарат алудың басым көзі болып қала беретінін атап өтті.

Телеарна құрудың басты мақсаты – азаматтардың санасын өзгерту, еститін мемлекет жүйесіне үлес қосу. Яғни, мемлекет пен қоғамның өзара іс-қимылын монологтан диалогқа көшіруге батытталады. Телеарна құрылған жағдайда ол жерде қарапайым адамдардың өмірі түсінікті тілде радио және телеарна эфирінде жарияланатын болады.

Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі республикада мемлекеттік тілдің болашағы үшін алаңдаудың қажеті жоқ деген пікір білдірді, өйткені Тәуелсіздік жылдарында қазақ тілін меңгерген 20-дан астам мектеп түлектері дайындалып шықты. Осы орайда қоғамдық бірлестік төрағасы этностардың оң имиджін қалыптастыра отырып және олардың елдің дамуына қосқан үлесі туралы айту қажет екеніне тоқталды. Қазақстанда екі тілде хабар тарататын Қазақстан халқы Ассамблеясының телеарнасын құруға ұсыныс тасталды, алайда әлі бұл тақырып бойынша нақты шешім қабылданған жоқ.

Сонымен қатар Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2020 жылдың басында Қазақстан халқы Ассамблеясы басшысының орынбасары Жансейіт Түймебаевқа ҚХА жұмысында өзгерту енгізуді тапсырды.

"1995 жылы біз көпұлтты мемлекетіміздің барлық азаматының құқығын қорғау үшін Қазақстан халқы Ассамблеясын құрдық. Кейінірек Ассамблея конституциялық орган болды. Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап біз еліміздегі барлық этностардың теңдігін әрдайым атап отырмыз", - деді Елбасы.

Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясы мәдени-бұқаралық және ойын-сауық іс-шараларын өткізуге емес, талдау жұмыстарына қарай бағытталуы тиіс екенін атап өтті. Сонымен қатар ҚХА-ның барлық аппараты мен өңірлік өкілдіктерінің жұмысын одан әрі қайта жүктеуге бағытталған аудит жүргізуді тапсырды.

Ал Қауіпсіздік кеңесінің отырысында Ассамблея мен оның аймақтық өкілдіктері алда жұмыс істеп, ұлтаралық жағдайларды бақылауда ұстауға тапсырма берді.

Ал президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түймебаевқа елдегі тұрақтылықты, ұлттар мен этностар арасындағы бірлік пен ынтымақтастықты сақтауға бағытталған шаралар қабылдауды тапсырды.

  Айта кетейік Қазақстан халқы Ассамблеясы 1995 жылы бірінші наурызда ҚР президенті жарлығымен құрылды. Ол мемлекет басшысы жанындағы консультативті-кеңесші орган саналады. Оның ішінде өзінің арнайы медиация кеңесі бар. Медиация кеңесі – Қазақстан халқы Ассамблеясының консультативтік-кеңесші органы болып саналады. Кеңестің негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасында қоғамдық келісімді қамтамасыз ету мақсатында медиация институтын дамыту болып табылады.

Кеңестің негізгі міндеттеріне ҚХА қызметі аясында қоғамдық келісім саласындағы медиация бойынша стратегиялар әзірлеу, қоғамдық келісім саласындағы медиация бойынша ҚХА құрылымдарының қызметін үйлестіру және жүйелеу жатады. Сонымен қатар медиация бойынша ҚХА құрылымдарының қызметін ақпараттық және әдістемелік қамтамасыз ету және этносаралық қатынастар саласындағы медиация бойынша отандық және шетелдік тәжірибені зерттеу, ҚХА қызметі аясындағы медиация бойынша практиканы жетілдіру де кеңестің басты міндеті болып саналады.

Кеңесінің жұмыс органы Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығы болып табылады.