01 қаз, 2017 сағат 01:39

Қазақстан ұлттық құрамасы Ауыр атлетикадан әлем чемпионатынан ресми түрде шеттетілді

Қазақстан ұлттық құрамасы Ауыр атлетикадан әлем чемпионатынан ресми түрде шеттетілді, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі Халықаралық ауыр атлетика федерациясының (IWF) сайтына сілтеме жасап. 

Ауыр атлетикадан әлем чемпионаты АҚШ-тың Анахайм қаласында 28 қараша мен 5 желтоқсан аралығында өтеді. Бір жылға Қазақстан, Ресей, Қытай, Беларусь, Әзірбайжан, Түркия және Молдавия федерациялары шеттетілді. Бұл елдердің 2008 және 2012 жылғы Олимпиадаларда қайта жүргізілген допинг-тестілеуден үш немесе одан көп спортшысының қан құрамынан тыйым салынған заттар табылған. 

Осылайша осы елдердің ауыратлеттері бір жылға IWF аясындағы барлық халықаралық жарыстан шеттетіліп отыр.

Еске салайық, мұның алдында Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасына допинг ережебұзушылықтарына байланысты Анахаймада өтетін 2017 жылғы әлем чемпионатына қатысуға тыйым салынатыны хабарланған еді. Қазақстанның ауыр атлетика федерациясы ұлттық құрама допинг қолданған спортшылар үшін Анахаймада (АҚШ) өтетін 2017 жылғы әлем чемпионатына қатыстырылмайды делінген қауесеттерге қатысты мәлімдеме жасаған болатын.