03 нау, 2026 сағат 17:33

Алматыда Avtobys жүйесі арқылы жолақы төлеу жүйесі іске қосылады

Фото: Алматы әкімдігі

4 наурыздан бастап бірқатар бағытта қолма-қол ақшасыз төлемнің жаңа жүйесі – Avtobys енгізіледі, деп хабарлайды Ult.kz.

Бұл қызмет № 51, 117, 219, 221, 228, 234 және 258 маршруттарында іске қосылады. Сонымен қатар Onay терминалы арқылы төлем қабылдау жалғасады.

Avtobys арқылы төлеу тәсілдері:

  • — мобильді қосымша арқылы (QR-код, Bluetooth, көлік нөмірі, NFC)
  • — банк картасымен

Төлем бірнеше секунд ішінде жасалып, жүйеде бірден расталады.

Қызметті пайдалану үшін App Store, Google Play немесе AppGallery дүкендерінен Avtobys қосымшасын жүктеп, тіркеліп, балансты толтыру қажет.

Avtobys Қазақстанның 20-дан астам қаласында бар. Енді бұл жүйе Алматыда да қолжетімді.