30 мам, 2025 сағат 16:10

Қазақстан туралы үздік роман авторы өмір бойы ай сайын 500 доллар алады

Фото: Instagram.com

Қазақстан туралы үздік роман авторын анықтайтын әдеби сыйлықтың жеңімпазы марапатталды. Қаламгер өмір бойына ай сайын 500 доллар сыйақы алып отырады. Байқау осымен 4-рет ұйымдастырылды, деп хабарлайды Ult.kz.

Биыл финалға 6 шығарма өтіп, mecenat.kz сайтында халық арасында дауысқа салынды.

Бас жүлдені «Тургенев көшесіндегі үй жұмысқа қабылдайды» атты романы үшін жас қаламгер Әлихан Жақсылық иеленді. Шығармада қаланың қауырт тіршілігіндегі адамдардың сан түрлі тағдыры баяндалады.