Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов "Қазақстан тарихы" пәні бойынша бірыңғай базалық оқулық енгізуді ұсынды. Министрдің айтуынша, бұл қолданыстағы оқулықтарда кездесетін сәйкессіздіктерді болдырмауға көмектеседі, - дeп хабарлайды «Ұлт ақпарат».
Министр ҰБТ тапсыру кезінде түлектер Қазақстан тарихы бойынша емтиханға дайындалған оқулықтардағы деректердің тест тапсырмаларынан ерекшеленетіндігімен жиі кездесетінін айтты.
"Қазақстан тарихы бойынша көптеген ұсыныстар бар. ҰБТ-ны тапсыру қорытындысы бойынша үш баспаның үш оқулығын көріп отырмыз. Бұл жағдайда интерпретациялар әртүрлі, күндер әртүрлі және т.б. болатын жағдайлар болады. Әрине, бұған жол беруге болмайды. Сондықтан қазір Қазақстан тарихы бойынша бірыңғай базалық оқулықты енгізу қажеттілігі туралы ұсыныстар пайда болды деп ойлаймын", - деді Аймағамбетов.
Министрдің айтуынша, қазақ әдебиеті оқулықтарының мазмұны туралы сұрақтар жиі көтеріледі.
"Қазіргі уақытта жұмыс тобы құрылды, қазақ әдебиетін өзектендіру бойынша үлкен жұмыс жүргізіліп жатыр", - деді министр.
Аймағамбетов сондай-ақ мектеп кітапханаларындағы көркем әдебиеттің тапшылығы тақырыбын қозғады.
"Балаларға функционалды сауатты болу үшін көптеген көркем әдебиетті оқу өте маңызды. Сонымен қатар біздің мектеп кітапханалары әлемдік әдебиетке тапсырыс беріп, қажетті мөлшерде ие болуы үшін оқу ыңғайлы болуы керек", - деді Аймағамбетов.
2020 жылы ведомство білім басқармаларына осындай кітаптардың қажетті санын сатып алу жөнінде тапсырма берді, оған қосымша қаражат бөлінді.
"Бұдан әрі мектеп кітапханаларын жаңғырту және көркем әдебиетті сатып алуды бойынша жұмыстар жүргізіледі. Бұл бағытты министрлік ерекше бақылауға алды", - деді Аймағамбетов.
Министрдің айтуынша, енді елдегі балабақшаларда ағылшын тілі міндетті пән ретінде оқытылмайды. Бала жастайынан өз ана тілінде тәрбие алады. Министрлік президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Мектептердің бастауыш сыныптарында қазақ тіліне басымдық берілгені дұрыс» деген ұсынысын басшылыққа алғанын айтты.
Сондай-ақ, қазақ тілінің бағдарламасы да өзгертіледі. Министрдің айтуынша, енді грамматиканы оқытуға бөлінетін сағат саны да артады. Аймағамбетов оқушылардың сауатты жауы мен сөйлеуі үшін Ахмет Байтұрсынұлының еңбегі қолданылатынын хабарлады.
Айта кетейік, келесі оқу жылы «Әліппе» бірінші сыныптарға Ана тілімен бірге қайта енгізіледі. Ол да Байтұрсынұлы ұсынған методика бойынша дайындалады.
«Әліппенің» жобалық нұсқасы қоғамда талқыланады. Сонымен қатар мектепте қазақ әдебиетінің оқытылуы қайта қарастырылады. Министрдің хабарлауынша, әдебиетші ғалым мамандар, мектептің тәжірибелі ұстаздары кіретін арнайы комиссия құрылады. Ол комиссия қазақ әдебиетінің оқытылуы, әдіснамасы мен бағдарламасын әзірлейді.
Енді мектеп оқулығындағы әдеби шығармалар оқушының жас ерекшелігіне қарай кітапқа енгізіледі. Оның ішіне шығарманың жанры, кезеңі, сюжеттік желісі де ескеріледі. Айта кетейік, оқулықтарда қазақ классиктерінің еңбектеріне ерекше мән беріледі.
Айта кетейік, президенттің тапсырамасына сәйкес, келесі жылдан бастап тіл комитеті білім және ғылым министрлігінің құрамына кіреді. Енді Аймағамбетов бастаған министрлік елдегі тәрбие мен білімді, ғылымды дамытуды қатар алып жүретін болады.
Мемлекеттік тіл саясаты балабақшадан бастап университетке дейін дұрыс жолға қойылу керек, деді министр Аймағамбетов.
Айта кетейік, Қазақстанда оқулықтар авторларын және сарапшыларды даярлайды, сондай-ақ жаңа материалдар мен оқу бағдарламаларын кемінде бір жыл сынайтын болады.