30 қаң, 2021 сағат 10:15

Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты Орталық Азиядағы ең үздік аналитикалық орталық атанды

ҚР Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты Пенсильвания университетінің «2020 жылы COVID-19-қа үздік саяси және институционалды жауап» номинациясы бойынша ең үздік тізімге кірді және кезекті рет Орталық Азиядағы ең үздік аналитикалық орталық деп танылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚСЗИ сайтына сілтеме жасап.

28 қаңтарда Пенсильвания университетінің әлемдегі ғылыми-сараптамалық орталықтарының «Global Go To Think Tank Index Report» жыл сайынғы рейтингі ұсынылды, ол «ақыл-ой орталықтарының» ең беделді әлемдік рейтингі болып саналады. Рейтинг профессор Джеймс МакГанның жетекшілігімен «Ақыл-ой орталықтары және азаматтық қоғам» бағдарламасы шеңберінде жасалады. Ол құрылғалы бері 15-ші рет өткізіліп отыр. 

2020 жылы Пенсильвания университеті әлемдегі 11 175 ақыл-ой орталығының қызметін талдады, оның ішінде 43 орталық Қазақстаннан болды.

«Жалпы, рейтинг бағаланатын орталықтар, сондай-ақ экономикалық және саяси зерттеулер саласындағы 4 мыңға жуық маман, саясаткерлер мен журналистерге жүргізілген сауалнама нәтижесі негізінде құрылады. Рейтингіні қалыптастырудың соңғы кезеңіне беделді сарапшылар тобы қатысады, олардың пікірі негізінде қорытынды рейтинг шығарылады. Рейтингіні қалыптастыру үшін ақыл-ой орталықтарын ғылыми-талдамалық жұмыстың сапасы мен беделіне, функционалдық және ұйымдастырушылық бағытына, конференциялар, брифингілер және ресми кездесулер өткізетін орталықтың танымалдығына, сондай-ақ ерекше жүлделер туралы мәліметтерге негізделген құрылмдайтын 30-дан астам түрлі критерий қолданылады», делінген хабарламада.

2020 жылдың қортындысы бойыша ҚР Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты кезекті рет Орталық Азиядағы ең үздік сараптама орталығы болып танылды.

«Орталық Азиядағы жетекші ақыл-ой орталықтары» номинациясына 10 қазақстандық аналитика орталығы кірді. 2020 жылы «Global Go To Think Tank Index» есебінде ұсынылған барлық қазақстандық сараптама орталықтары позицияларын жақсартты: ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Экономикалық зерттеулер институты (6 орын), ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Орталық Азияның әскери-стратегиялық зерттеулер орталығы (16 орын), Қоғамдық мәселелерді талдау орталығы (25 орын), ҚР БҒМ Ғылым комитеті Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты (37 орын), Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институты (39 орын), Әлемдік экономика және саясат институты (41 орын), «Нұр Отан» партиясы Саяси талдау және стратегиялық зерттеулер орталығы (44 орын).

«Энергетикалық және ресурстық саясат бойынша жетекші ақыл-ой орталықтары»номинациясы бойынша ҚСЗИ 31-орынға ие болды (барлығы ұсынылған - 60 орталық), «Қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік саласындағы жетекші ақыл-ой орталықтары» рейтингінде ҚСЗИ 97-орынды сақтап қалды (ұсынылған барлығы - 110 орталық).

2020 рейтингінің жаңалығы - бұл COVID-19-тың ақыл-ой орталықтарының қызметіне әсері және олардың әлемдік пандемияға реакциясы. Бұл жаңа номинация «2020 жылы COVID-19-ке қатысты үздік саясат және институционалды жауап». көрініс тапты: Сарапшылар бұл номинацияға әлемнің түкпір-түкпірінен 83 аналитикалық орталықты қосты, олардың арасында ҚСЗИ Қазақстан мен Орталық Азия елдерінен кірген жалғыз құрылым болды.