03 ақп, 2021 сағат 10:55

Қазақстан шекарасындағы 10 өткізу бекеті қайта жаңартылады

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Марат Сұлтанғазиев 9 авто мен 1 теміржол өткізу пункті қайта жаңартылатынын айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Өткізу пунктеріндеі техникалық қайта жарақтандыру да жоспарланған. Өзбекстанмен шекарадағы «Б.Қонысбаев» бақылау-өткізу бекетін жаңарту жұмыстары аяқталды. «Нұр Жолы» бақылау-өткізу пунктінің үлгісімен шекара кептеліс туғызатын учаскелерінде мобильді қосымша арқылы кезекті алдын-ала брондауға мүмкіндік беретін «Электронды кезек» жүйесін енгізу жоспарлануда», - деді Марат Сұлтанғазиев Орталық коммуникациялар алаңында өтіп жатқан баспасөз мәслихатында. 

Оның айтуынша сондай-ақ навигациялық пломбаларды енгізу ісі де кеңінен қолданылып келеді. Бұл көлік ағындарын бақылауға және жалған транзит фактілерін азайтуға мүмкіндік беріп отыр.