05 нау, 2021 сағат 21:06

Қазақстан-Ресей әскери ынтымақтастық мәселелері талқыланды

Қазақстанның Қорғаныс министрі, генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев ресейлік әріптесі, армия генералы Сергей Шойгумен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

ҚР Қорғаныс министрлігінен мәлім еткендей, әскери ведомстволардың басшылары екіжақты әскери ынтымақтастықты, алдағы бірлескен оқу-жаттығулардың кестесін, сонымен қатар әскери-техникалық саладағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады.