Мемлекет басшысы Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмонмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақордаға сілтеме жасап.
Әңгімелесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев пен Эмомали Рахмон екіжақты ынтымақтастықтың ахуалы мен перспективасын, сондай-ақ күн тәртібіндегі өңірлік және халықаралық өзекті мәселелерді талқылады.
Сонымен қатар екі ел басшылары алдағы кездесулер кестесін қарастырды.