18 қаң, 2018 сағат 00:24

Назарбаев АҚШ Вице-Президенті Майкл Пенспен кездесті

Қазақстан Президенті Америка Құрама Штаттарының Вице-Президенті Майкл Пенспен кездесті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесуде тараптар екіжақты ынтымақтастықтың мейлінше өзекті мәселелерін талқылады.

Әңгімелесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев пен Майкл Пенс Қазақстан мен АҚШ арасындағы саяси және экономикалық қарым-қатынастарды нығайтып, одан әрі кеңейте түсудің маңыздылығын атап өтті.

сурет: inform.kz