Фото: ашық дереккөз
Қасым-Жомарт Тоқаев бұған дейін Қазақстан паспортының күші жыл сайын артып келе жатқанын, бұл елдің ықпалы мен тартымдылығының өсіп жатқанын көрсететінін атап өткен болатын. Оның айтуынша, Қазақстан әлемнің әр түкпірінен адамдар үшін өмір сүруге және саяхаттауға барған сайын жиі таңдалатын елге айналып келеді, ал қауіпсіздік деңгейі бойынша көптеген мемлекеттерден озып тұр.
Бүгінде бұл сөздер жаңа мәнге ие болуда. Таяу Шығыс елдерінен қазақстандықтарды эвакуациялау аясында мемлекет ең басты қағиданы көрсетіп отыр – өз азаматтарын ешқашан тастамайды. Қазақстандықтар елдің қолдауымен отанына оралуда. Бұл бір нәрсені нақты дәлелдейді: азамат қай жерде жүрсе де, ол әрдайым Қазақстан Республикасының қорғауында болады.
