Қазақстан Орталық Азия елдері басшыларымен бейресми кездесу өткізу туралы бастаманы жүзеге асыратын болады. Бұл туралы ҚР сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов айтты, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" kaz.tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.
"Біз Орталық Азия елдері басшыларын бейресми жинау туралы бастаманы енгізу бойынша барлық көршілерімізбен бірге жұмыс жасаймыз. Көктемгі мереке - Наурыз мейрамы біздің Елбасымыздың төрағалығымен, сондай-ақ, Орталық Азия елдері көшбасшыларының қатысуымен көптен күткен кездесуді өткізуге себеп болар еді", - деді министр Әбдірахманов Астанада өтіп жатқан халықаралық парламенттік конференция барысында.