14 мам, 2026 сағат 12:18

Қазақстан музейлері TikTok-та тікелей эфирге шығады

Фото: ашық дереккөз

TikTok Халықаралық музейлер күніне орай Museums Come Alive атты жаһандық жобаны іске қосады деп хабарлайды Ult.kz.

Жоба аясында Қазақстан да бастамаға қосылып, Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі мен Almaty Museum of Arts платформасында тікелей эфирдегі онлайн-экскурсиялар өтеді.

18 мамыр күні TikTok қолданушылары танымал креаторлармен бірге музейлерді онлайн аралап, қазақстандық өнер мен тарихи мұрамен таныса алады.

Астанадағы Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі (@nationalmuseumkz) ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен  Жұлдыз Рахметпен (@zhuldyz_rakhmet) бірлесіп, TikTok LIVE форматында онлайн-экскурсия өткізеді. Тікелей эфир Жұлдыз Рахметтің  парақшасында 18 мамыр күні сағат 17:00-ден 19:00-ге дейін өтеді және көрермендерге  Қазақстанның бай тарихын, мәдениеті мен табиғи мұрасын танытатын мұражайдың бірегей экспонаттармен танысуға мүмкіндік береді. Эфир барысында «Алтын адам», археологиялық жәдігерлер, заманауи өнер туындылары және арнайы көрмелер көрсетіледі.

Пайдаланушыларға ыңғайлы болу үшін TikTok қосымшасында арнайы Museums Come Alive парақшасы пайда болады. Онда эфирлердің анонстарын көріп, жобаға қатысушы мұражайлармен танысуға және креаторлардың трансляцияларына тікелей өтуге болады.

TikTok өкілдерінің айтуынша, жоба мәдениет пен өнерді цифрлық формат арқылы кең аудиторияға қолжетімді етуді мақсат етеді.

Сонымен қатар Museums Come Alive бастамасына Museum of Modern Art, Abdeen Palace Museum және Pokémon Fossil Museum секілді әлемнің танымал музейлері де қатысады.