06 сәу, 2021 сағат 12:56

Қазақстан мен Мажарстан арасындағы әуе рейсі маусым айында қайта жанданады

Биыл жаз кезінде Қазақстан мен Мажарстан арасында әуе байланыстары жанданады. Бұл туралы елордада ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен келіссөздерден кейін Мажарстан Сыртқы экономикалық байланыстар және сыртқы істер министрі Петер Сийарто мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Біздің елдер астаналары арасындағы «Будапешт-Нұр-Сұлтан» тікелей әуе байланысы биылғы маусым айында қайтадан жанданатын болады. Сонымен қатар, «Будапешт-Нұр-Сұлтан-Бейжің» әуе байланасы қосылады», - деді П. Сийарто. 

Оның айтуынша, коронавирус жағдайында вакциналау өте маңызды болып отыр.