03 қар, 2023 сағат 16:21

Қазақстан Қытайға жылына 11 млрд текше метр газ экспорттайды

Фото: © Sputnik / Алексей Даничев

Қазақстан газының Қытайға экспорты жылына – 11 млрд текше метр. Бұл туралы Алматыда журналистермен кездесу кезінде Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев айтты, деп хабарлайды Kazinform

«Қазір біз жылына 11 млрд текше метрге дейінгі газ көлемі туралы айтып отырмыз, бірақ бұл көлем Қазақстанның газ өндірушілерінің мүмкіндігіне қарай жыл сайын реттеліп отырады», - деді министр брифингте.

Ол биыл индикативтік балансқа байланысты 4,5-5 млрд текше метр газ, кейін -11 млрд текше метрге дейін экспорттау жоспарланып отырғанын айтты.

Министрдің айтуынша, газ Батыс Қазақстанның кен орындарынан жеткізілетін болады, атап айтқанда негізгі көзі «Тенгиз» болмақ.