ЕАЭО-ға мүше елдер басшыларының жиыны. Санкт-Петербург, 26 желтоқсан 2016 жыл.
Қазақстан Қырғызстанға техникалық көмек ретінде 100 миллион доллар бөледі. Қырғызстан вице-премьері Олег Панкратовтың Азаттыққа айтуынша, бұл туралы келісімге Санкт-Петербургте қол қойылған.
Оның сөзіне қарағанда, көмек көрсету туралы келісім бұрын-ақ жасалғанымен, енді ғана қол қойылған.
Бөлінген қаржы бақылау-өткізу пунктеріндегі жағдайды жақсартуға және Еуразия экономикалық одағының (ЕАЭО) нормаларына сай зертханалармен қамтамасыз етуге жұмсалады.
26 желтоқсанда Санкт-Петербургте Жоғарғы Еуразия экономикалық кеңесінің жиыны өтіп, онда ЕАЭО-ға мүше елдер одақтың кеден кодексіне қол қойған. Жоспар бойынша, кодекс 2017 жылдың 1 шілдесінен күшіне енеді.