Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының Корей Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігімен бірлесіп ұйымдастырған «Корей түбегіндегі ахуал және Қазақстанның ядролық қаруды таратпаудағы рөлі» халықаралық дөңгелек үстел барысында ҚР СІМ Азия және Африка департаментінің директоры Айдарбек Туматов айтты, деп жазады Baq.kz агенттігі.
Министрлік өкілі Корей түбегіндегі ахуалға қатысты Қазақстанның позициясына тоқталды.
«Біздің министрлік үшін Корей түбегіндегі мәселе басымдық берілетін ахуалдардың бірі. Қазақстан Пхенъянный ядролық қарусыздану бағдарламасын толық қолдайды. Сонымен қатар, Оңтүстік Кореяның позициясын да қолдайды. Себебі Сеулдің Солтүстік Кореямен диалог құру, сонымен қатар АҚШ пен КХДР арасындағы ынтамақтастықты нығайтуға қосқан үлесін атап өткен жөн. Оңтүстік Корея біз өткен ғасырдың соңында ойымызға кіріп-шықпаған жақсы нәтиже көрсетті. Мұнымен қоса, Пхенчханда өткен қысқы Олимпиада ойындарын да атағым келеді. Осы шара кореяаралық ынтымақтастықтың бастауы болды деуге болады.
Екі Корея арасындағы түрлі мәселе бойынша кездесулері, әсіресе Ким Чен Ынның жыл соңына дейін Сеулге сапары әлемдік қауымдастықты қуантады. Әрине, екі ел де өз ұлттық мүдделерін қорғап қалғысы келеді. Бұл – заңды құбылыс. Дегенмен, әлемде кейбір сарапшы кореяаралық келіссөздер шегіне жетті деген пікірді де білдіріп жатыр. Бірақ алда болатын саммит екі Кореяның мәселесін шешуге ықпал етеді деп сенеміз», - деді департамент директоры.
Айтуынша, КХДР денуклеризациялау процесінде Қазақстанның Семей ядролық полигонын бас тартудағы тәжірибесіне қарап әрекет ете алады.
«Солтүстік Кореяның денуклеризациясы Қазақстанның ядролық қарудан бас тарту моделін үлгі ете алады деп ойлаймыз. КХДР қандай жолды таңдаса да, біз соңында жетістікке жетеді және Корей түбегіне көптен күткен бейбітшілікті алып келеді деп үміттенеміз. Қазақстан бұл мәселеде КХДР-ге қауіпсіздікті қамтамасыз етуге кепілдік және сенімділік беру керек деп есептейді. Сонымен қатар, Қазақстан Оңтүстік Корея президентінің Солтүстік Кореямен диалогқа келу және Корей түбегін денуклеризациялауға байланысты бастамасын толық қолдайды», - деді СІМ өкілі.