03 ақп, 2025 сағат 10:29

Қазақстан кітап оқу бойынша үздік 50 ел қатарында

Фото:aigak.kz

Қазақстанда оқу сауаттылығының деңгейі артып келеді. PISA рейтингісінде кітап оқу бойынша үздік 50 елдің қатарына қосылды, деп хабарлайды Ult.kz.

Қазақстан кітап оқу бойынша әлемде 46-орында. 2022 жылы PISA ұйымы математика мен жаратылыстану бағытында білім алатын оқушылар арасында зерттеу жүргізіп осындай қорытынды шығарған.

2018 жылғы зерттеуде біздің ел 75 елдің ішінде 61-сатыға тұрақтаған. Айта кетейік, рейтинг әр үш жыл сайын жаңарып тұрады.

Рейтинг демекші, жоғарғы сынып оқушылары адамның мінез-құлқын өзгертуге, бизнес бастауға бағыттайтын кітаптарды көптеп оқиды екен. Ал, 4-6 сыныптағылар арасында ертегі жанрындағы шығармалар сұранысқа ие.