14 жел, 2021 сағат 16:00

Қазақстан халқы ертегілерінің қазақ тіліндегі жинағы жарық көрді


Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің бастамасымен балаларға арналған Қазақстан халқының ертегілер жинағы жарық көрді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" аталмыш ведомоствоның Facebook-тағы парақшасына сілтеме жасап.

Еліміздің түрлі этностарының әдеби мұрасы ретінде «Қазақстан халқы ертегілері» кітабы Қазақстан халқы Ассамблеясының этномәдени бірлестіктерінің өкілдерімен бірге алғаш рет қазақ тілінде шығарылды.

Жинаққа Қазақстанның кәріс, неміс, шешен-ингуш, еврей, грек, мордва, литва, поляк және т.б. 25 ірі этностарының 114 халық ертегілері енді. Кітап жалпы таралымы 4 000 дана (әр бөлігі 2 000 данадан) екі томнан тұрады (4-7 және 8-11 жастағы балаларға арналған).

Мақсатты аудиторияны және жинақ мазмұнының сәйкестігін анықтау үшін Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясында сараптама жүргізілді.