28 қаз, 2017 сағат 17:39

Қазақстан Испанияның аумақтық тұтастығын құрметтеу қағидатын ұстанады - СІМ

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Каталония автономдық қоғамдастығындағы ахуалға байланысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ведомствоның сайтына сілтеме жасап.

"Қазақстан Каталония автономды қоғамдастығындағы ахуалды Испанияның айрықша ішкі жағдайы ретінде қарастырады және мәселе қатаң түрде Испанияның қолданыстағы заңнамасы шеңберінде өрбуі тиіс деп санайды", - делінген мәлімдемеде.

Сондай-ақ, Испания Корольдігімен қарым-қатынастарда Қазақстанның бұл елдің егемендігі мен аумақтық тұтастығын құрметтеу қағидатын ұстанатыны айтылады.