01 сәу, 2021 сағат 16:45

Қазақстан Болгариямен арадағы сотталған адамдарды беру туралы шартты ратификациялады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сотталған адамдарды беру туралы Қазақстан мен Болгария арасындағы келісімді ратификациялау туралы заңға қол қойды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақордаға сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасы мен Болгария Республикасы арасындағы сотталған адамдарды беру туралы шартты ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", - делінген хабарламада. 

Келісім Қазақстан мен Болгария арасында сотталған адамдарды жазасын одан әрі өтеу үшін өз еліне ауыстыру жөніндегі қатынастарды реттейді.