14 қаң, 2020 сағат 15:58

Қазақстан аумағында жақын күндері қатты аяз күтілмейді - Қазгидромет

«Қазгидромет» РМК 19-20 қаңтар аралығындағы ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Жыл басынан бері Еуропаның солтүстік жартысында және Батыс Сібірде өте белсенді ендік фронтальды аймақ құрылды, ол арқылы жылу мен ылғалдың үлкен қоры бар терең циклондар Атлантика аймақтарынан Арктика жағалауларының бойымен бірінен кейін бірі ауысып, сол арқылы Арктикалық суықтың Қазақстан аумағынан өтуін тежейді.

Алдағы бірнеше күнде республикадағы ауа райына әсер ететін синоптикалық процестерде айтарлықтай өзгерістер болмайды. Сондықтан Қазақстанда қатты аяз тұрмауы мүмкін.

Атмосфералық фронттардың әсерінен республиканың солтүстік және шығыс аймақтарында 19-20 қаңтарда кей жерлерде қар жауып, боран болады, батыстан және солтүстік-батыстан қатты жел соғады, ауа температурасы түнде 10-18, күндіз 5-10 градус аяз болады.

Қалған аумақта - жауын-шашынсыз, түнде және таңертең тұман түседі, батыста ауа температурасы түнде 2-10, күндіз 4 градус аяз, 2 градус жылы; оңтүстік және оңтүстік-шығыста түнде 8-15 градус аяз, күндіз 5 градус аяз, -2 градус жылы; орталықта түнде 8-15, күндіз 5-10 градус аяз болады. Мұндай ауа температурасы көпжылдық орташа мәннен 3-5°С жоғары.

Нұр-Сұлтан қаласында 19 қаңтарда түнде 7-12 градус, түнде 3-8 градус аяз болса, 20 қаңтарда түнде 13-18, күндіз 7-12 градус аяз болады.