11 жел, 2017 сағат 10:45

Қазақстан асыл тұқымды бір үйір жылқыны Қытайға импорттады

Шыңжаңға Қазақстаннан 67 асыл тұқымды жылқы жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

67 асыл тұқымды айғыр тиеген жүк машиналары 700 шақырымнан астам жолды артқа тастап, Қытайдың солтүстік батысындағы Алашаңқай құрлықтық бақылау-өткізу бекетіне (Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесіне) жеткен.

Үйір жылқыны Қытайға шыңжаңдық халықаралық сауда компанияларының бірі импорттады.

Карантиді-инспекциялық қызмет мамандары жылқылардың денесіне орнатылған чиптерді сканерлеу арқылы ақпараттардың дұрыстығын тексеріп,  жануарларды 30 күндік карантинге орналастырды.

Соңғы жылдары Шыңжаң жылқы индустриясына ерекше көңіл бөліп келеді. Импортталған айғырлар Үрімжіге, асыл тұқымды жылқыларды өсіретін және бәйгеге қатыстыратын жерлерге жіберіледі.

Айта кетерлігі, былтыр Қытайға Алашаңқай бекеті арқылы Ресейден ахалтеке тұқымды жылқылар импортталған болатын.