16 ақп, 2022 сағат 13:45

«Қазақфильм» тапқан барлық қаражат жалақыға жұмсалып жатыр – Ақан Сатаев


«Шәкен Айманов» атындағы «Қазақфильм» АҚ президенті Ақан Сатаев киностудияның қазіргі жай-күйі туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Өкінішке қарай, киностудия қазір өз картиналарын шығарудан, жалпыстудиялық аударымдардан табыс тауып отыр. Бірақ олай болмауы керек, киностудия клиентке бағдарланған рөлдері бар картиналарын сатудан пайда табуы керек. Киноны сату және экспорт географиясын кеңейту есебінен жаңа жобаларды іске қосып, айналым массасына қол жеткізуі керек. Әрине, бұл ретте де студия қажетті техника мен жабдықты жалға беруі тиіс», - деді Ақан Сатаев елордада Мәдениет және спорт министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында.

Оның айтуынша, Үкімет қолдау көрсеткен жаңғыртулар аясында жұмыс жүріп жатыр.

«Біз қазірдің өзінде ең заманауи техникаларды алып жатырмыз. Басқару құрылымын өзгерттік, ашықтықты арттырдық, қауіпсіздік қызметін құрдық, Үкіметтің қолдауымен газ жүргіздік, жалға беру табысын пандемияға дейінгі кезеңмен салыстырғанда 400%-ға дейін көтердік.

Біз жұмыс істеп жатырмыз, барынша тырысып бағамыз. Бірақ студия тапқан барлық қаражат өкінішке қарай, қызметкерлердің жалақысы мен әкімшілік-шаруашылық қажеттіліктерге жұмсалады. Шындығын айтқанда, өз фильмдерімізді шығаруға да қаражат жеткіліксіз. Сондықтан, бізге әлі де өз фильмдерімізді шығару үшін қолдау қажет», - деді Сатаев.