01 қаз, 2021 сағат 02:58

"Қайрат" Швейцарияда "Базельден" жеңіліп қалды


Алматылық "Қайрат" УЕФА Конференция лигасы топтық кезеңінің 2-турында жеңіліп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Қайрат" бұл турда швейцариялық "Базельге" қонаққа барған. Матч алаң иелерінің пайдасына 4:2 есебімен аяқталды.

"Базель" алматылықтар қақпасына қатарынан төрт гол салды. Бірінші таймда Артур (15-минутта) мен Майкл Ланг (21 мен 40-минутта) көзге түсті. Үзілістен кейін Дэн Ндойе (49-минутта) командасының төртінші голын салды. 

Кейін алматылықтар бұған екі голмен жауап қата алды. 66-минутта Канте гол соқса, екі минуттан соң Рикарду Алвеш пенальтиден гол салды. 

Енді "Қайрат" Конференция лигасындағы келесі матчін 21 қазанда әзербайжандық "Карабахпен" кездеседі. 

Еске салайық, "Қайрат" турнирдің 1-турында өз алаңында кипрлік "Омониямен" 1:1 есебімен тең түскен еді.