20 қыр, 2017 сағат 11:18

Қайрат Келімбетов жалақысының қанша екенін айтты

«Астана» Халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетов жалақысының қанша болатыны туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Ұлт.кз тілшісі ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

«Бізде соттардың жұмысы барын атап өткім келеді. Бұл салаға әлемдік дәрежесі бар мамандарды тартқалы отырмыз. Сонымен бірге, ірі компаниялар бізге бәсекеге қабілетті болатындай айлықтың деңгейіне жеткізу бағытында көмек беріп жатыр. Әлбетте, біз айлығы өте жоғары Дубай немесе Әбу-Даби (сол жақтағы қаржы орталықтары - авт.) емеспіз. Біз бұл бағыттағы бірінші ұйым емес екенімізді де атап өткім келеді. Бізде «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры және сол секілді ұлттық компаниялардың әлемдік деңгейдегі сарапшыларды тарту бағытында тәжірибелері бар. Сәйкесінше, айлықтың деңгейі регуляторларға байланысты болады. Біз ең алдымен жергілікті индикаторларды тартқымыз келеді. Менің жеке айлығымды туралы айтар болсам. Өздеріңіз білетіндей, мен осы лауазымға Президенттің тапсырмасымен тағайындалған едім. Ұйымның басқарушысымын. Сәйкесінше, бұның барлығы заңмен бақыланады. Айлығым «Бәйтерек» немесе «Самұрық-Қазынадағыдан» жоғары емес. Мүмкін одан да кем болуы мүмкін. Биыл сонымен бірге, ешқандай бонус немесе сыйақы қарастырылған жоқ. Айлығым туралы қалыпты деп айтуға болады. Мөлшері 1 миллионға дейін», - деді Қайрат Келімбетов.   

Еске сала кетсек, бүгін «Астана» Халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетов отандық және шетелдік БАҚ алдында ұйымның жұмысын таныстырған болатын.