ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Аустрияда қазақ диаспорасының өкілдерімен кездесті. Бұл жайында ҚР СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов Фейсбуктегі парақшасында жазды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Қайрат Əбдірахманов Венаға сапарын қазақ диаспорасымен əсерлі кездесумен мəресіне жеткізді. Аустрияда 200-ге жуық, оның ішінде 35 қазақ отбасы Венада тұрады», - деп жазды ол.
Әнуар Жайнақовтың атап өтуінше, еліміздің виза беру қағидасына сәйкес, ұлты қазақ шетел азаматтарына - бірінші виза шақырусыз және тегін 1 жылға, ал бұрын Қазақстан визасын алған ұлты қазақ шетелдіктерге 3 жылға беріледі. Мұнан бөлек, оларға Қазақстан аумағында болу мерзімі шектелмеген.
Айта кетейік, ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Венада ЕҚЫҰ Сыртқы істер министрлері кеңесінің жалпы отырысына қатысқан болатын.