25 қаң, 2021 сағат 09:15

Қатты аяз: ШҚО-да екінші ауысым оқушылары мектепке бармайды

Шығыс Қазақстан облысының бірқатар ауданында екінші ауысымдағы оқушыларға мектепте сабақ болмайды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 25 қаңтарда ауа температурасының төмендеуіне байланысты (-26) Өскемен қаласында екінші ауысымдағы 1-4 сынып оқушыларына сабақ өткізілмейді. 

«Сондай-ақ Жарма ауданында сынап бағанасы -32 градусты көрсеткендіктен 1-11 сынып оқушылары үшін сабақ оқымайды. Ал Риддер қаласында ауа температурасы 30 градусқа дейін төмендеп, 0-11 сынып оқушылары мен колледждердің 1-2 курс студенттері сабақтан босатылды» деп хабарлады ведомство өкілдері. 

Оқушылар мен студенттер бүгін үйден онлайн оқиды.