Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде қар барысы фототұзаққа түсіп қалды, деп хабарлайды Ult.kz Экология министрлігіне сілтеме жасап.
«Сирек кездесетін жыртқышты Аршаты орманшылығында орнатылған фототұзаққа түсіріп алған. Бұл жануар түрі күш пен еркіндіктің символы — парктің нағыз мақтанышы. Әрбір осындай кадр Катонқарағай ұлттық табиғи паркінің жануарларды қорғаудағы маңыздылығын еске салады», - делінген министрлік хабарламасында.
Бұған дейін Батыс-Алтай қорығында ірі бұлан фототұзаққа түскенін жазған болатынбыз.