29 сәу, 2021 сағат 14:48

Қатерлі ісіктің ерте диагностикасы ұзақ өмір сүруге мүмкіндік береді – онколог


«Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты» АҚ басқарма төрайымының клиникалық жұмыс жөніндегі орынбасары Нұрлан Балтабеков «Өкпе қатерлі ісігі. Озық шешімдер» тақырыбында өтіп жатқан онлайн халықаралық конференцияда қатерлі ісікті ерте анықтап, емдеудің маңыздылығы туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Нұрлан Балтабеков Қазақстанда өкпенің қатерлі ісігі соңғы 25 жыл ішінде қатерлі ісік өлімінің құрылымында бірінші орында тұрғанын атап өтті. Елдегі әрбір бесінші онкологиялық науқас өкпенің қатерлі ісігінен қайтыс болады. 

«Қатерлі ісіктің асқынған түрі мен ерте анықталған түрін емдеу - бұл екі түрлі бағыт. Сонымен, өкпенің қатерлі ісігінің бірінші кезеңі уақтылы хирургиялық емдеумен, әсіресе лимфа түйіндерін торакоскопиялық жолмен алып тастау пациенттердің 90% -дан астамын бес жылдан астам өмір сүруге мүмкіндік береді», - Нұрлан Балтабеков айтты.

Ол өкпенің қатерлі ісігінің кейбір түрлерін, мысалы, аденокарциномамен ауыратын науқастарды онкологтардың көмегімен және жаңа технологияларды енгізе отырып аман алып қалуға болады.

«Бұрын бізде төртінші сатыдағы өкпенің қатерлі ісігі бар науқастар бес жыл өмір сүре аламайтын. Мақсатты емдеудің жаңа технологияларын енгізу кейбір пациенттерге, шамамен 1/4, төртінші кезеңде де ұзақ өмір сүруге мүмкіндік берді. Бірақ осындай бір науқасты емдеу үшін жылына 40 млн теңге жұмсалады.Сондықтан өкпенің қатерлі ісігін ерте диагностика арқылы анықтау қажет.Тек сол кезде ғана метастаздардың пайда болуына жол берілмейді», - деді ол.

Қатерлі ісікті бақылау жөніндегі халықаралық агенттіктің өкілі доктор Андреа Карвальо төмен дозалы компьютерлік томография көмегімен өкпе қатерлі ісігіне скрининг өткізудің тиімділігі туралы айтты.

«Қазіргі таңда өкпе рагынан болатын өлімді азайтудың бірден-бір жолы оны ерте кезеңде анықтау болып отыр. Скрининг жүргізілгенде қатысушылардың 50-70%-де ісіктің І сатысы анықталады. Сондықтан осындай скринингті тексерістерді кешенді түрде өткізу қажет. Ол үшін төмен дозалы компьютерлік томография қолданылады. Мәселен, 2020 жылы осындай скринингтің арқасында өкпе рагының І сатысында – 58,6%, ІІ сатысында – 9,3%, ІІІ сатысында – 9,9%, ІV сатысында – 9,4%-ы анықталған. Көріп отырғандарыңыздай рактың 70 пайыздайы І және ІІ сатысында анықталған, бұл емдеуге жататын кезең», - дейді сарапшы.

Айта кетейік, Алматыда «Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты» АҚ, «Қазақстандық онкологтар қауымдастығы» ҚБ-ның ұйымдастыруымен өтіп жатқан конференцияға Италия, Түркия, Испания, Ресей, Белоруссия және Қазақстанның онкологиялық орталықтардың сарапшылары қатысып жатыр.